Абай облысыҚоғамПрофилактикаСемейТОП

Абай облысында “Anti-fraud” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі

Абай облысының аумағында 7-9 ақпан аралығында “Аnti-fraud” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Құрметті Семей қаласының тұрғындары мен қонақтары, ағымдағы жылдың 7-9 ақпаны аралығында Абай облысының аумағында “Аnti-fraud” жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу жоспарланып жатыр.

Аталған іс-шараның мақсаты интернет-алаяқтықтарға, сондай-ақ ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жасалатын өзге де құқық бұзушылықтарға қарсы күрестің тиімділігін арттыру болып табылады.

Іс-шаралар кешені зияткерлік меншік саласындағы қылмыстарды анықтауға және ашуға, зиянды бағдарламаларды, арнайы техникалық құралдарды, порнографияны, оның ішінде балалар порнографиясын дайындайтын және тарататын адамдарды анықтауға, сондай-ақ суицидтік бағыттағы ойындарды және интернет желісіндегі өзге де құқық бұзушылықтарды насихаттаудың жолын кесуге бағытталатын болады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button