Абай облысыҚоғамСемейТОП
Абай облысында 400-ден астам адам өз көлігін заңдастырды
Біржолғы заңдастыру басталғаннан бері арада 11 күн өтті, шамамен 3031 өтінім беріліп, оның 968-і мақұлданды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
420 азамат қазақстандық техникалық құжатты, сондай-ақ мемлекеттік нөмірлік белгілерін алды. Айта кету керек, заңдастыру 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады.
Өтінім беру тәсілдері: электрондық үкімет порталы арқылы еGov.kz; Екінші деңгейдегі банктердің қосымшалары арқылы; ХҚКО-ларда. Ереже бойынша автомобиль Қазақстанға 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінуі тиіс, қылмыстық есепте тұрмауы керек, басқа мемлекетте бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылуы қажет. Сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден әкелінген автомобиль кедендік тазартудан өтуі тиіс.
Semeynews.kz