Абай облысыБілімҒылымМәдениетҚоғамСемейТОП

Биыл Абай өңірі авторларының кітаптар топтамасы жарыққа шығады деп жоспарлануда

Абай облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Айдар Ибраев атап өткендей, топтамаға замандастарымыздың ғана емес, қазақ әдебиеті классиктерінің де шығармалары енетін болады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Жоба Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевтың бастамасымен жүзеге асырылады.

Классикалық шығармалардың ішінде Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» мен Шәкәрім Құдайбердиевтің өлеңдер жинағы бар.

– Қазір Абай өңірінің ақын-жазушыларының шығармаларын бір сериямен шығару жобасын қарастырып жатырмыз. Бесжылдық жоба аясында «Абай жолы» роман-эпопеясын, Шәкәрімнің орыс тіліндегі өлеңдер жинағын, сонымен қатар замандас ақын-жазушылардың шығармаларын шығару да жоспарлануда, – деді Айдар Ибраев.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button