Абай облысыҚоғамСайлауСемейТОП

Абай облысынан Сенат сайлауына 4 кандидат қатысады

24 желтоқсанда Астана уақыты бойынша сағат 18:00-де кандидаттарды тіркеу аяқталды, деп хабарлайды Semeynews.kz Ұлттық сайлау комиссиясының сайтына сілтеме жасап.

Абай облысының аумақтық сайлау комиссиясы хабарлағандай, “Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” ҚР Конституциялық заңының 73-бабы негізінде Абай облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттар болып тіркелді:

Тастекеев Қайрат Құлбайұлы – 1967 жылы туған, Семей қаласының тұрғыны, Құрылыс колледжінің директоры, өзін-өзі ұсыну тәртібімен;

Маслова Анжела Владимировна – 1975 жылы туған, Семей қаласының тұрғыны, “Эйкос” ЖШС даму жөніндегі директоры, өзін-өзі ұсыну тәртібімен;

Апсалямов Ерболат Нәдірбекұлы – 1968 жылы туған, Семей қаласының тұрғыны, “Миниралс” ТРР Директорлар кеңесінің төрағасы, өзін-өзі ұсыну тәртібімен;

Апенов Кималидин Сағалбайұлы – 1967 жылы туған, Бородулиха ауданы Жезкент кентінің тұрғыны,  Орлов өндірістік кешені “Востокцветмет” ЖШС әкімшілік-шаруашылық бөлімінің бастығы, өзін-өзі ұсыну тәртібімен.

Semeynews.kz

 

Осы айдарда

Back to top button