Абай облысыҚоғамОқиғаСемейТОП

Семейде жоғалған әйелдің денесі табылды

Жоғалған Семей тұрғынын төрт күн бойы туыстары, еріктілер мен полиция іздеді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

2022 жылғы 4 желтоқсанда Семей қаласы полиция басқармасының жедел басқару орталығының “102” арнасына қаланың 51 жастағы тұрғыны ағымдағы жылдың 4 желтоқсанында әпкесінің үйден шықғып, осы уақытқа дейін оның орналасқан жері белгісіз болған 1987 жылы туған әпкесін іздеуге жәрдем көрсету туралы өтініш жасады.

Іздеу нәтижесінде, өкінішке орай, Степной кентінің маңынан жоғалған әйелдің денесі табылды.

Осы факті бойынша ҚР ҚК 001-бабы (мәйітті табу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүзеге асырылуда.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның нәтижелері бойынша өлімнің себебі анықталады.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің деректері жария етілуге жатпайды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button