ШҚОҚоғамОқиғаТОП

Өскеменде отқа оранған үйден ер адамның мәйіті табылды

Өскемен қаласында өртенген үйден ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Өскемендегі Достоевский көшесінде орналасқан екіқабатты жеке тұрғын үйде өрт шыққан. Хабар түсе салысымен құтқарушылар оқиға орнына аттанды.

«Қызыл жалын еденнің ағаш құрылымдары мен жеке заттарды шарпыған. Өрттің жалпы алаңы 25 шаршы метрді құрады. Барлау барысында өрт сөндірушілер денесін күйік шалған ер адамның мәйітін тапты», – делінген ақпаратта.

Ер адамның кім екендігі әлі анықталмады. Жасы 45-50 шамасында. Алдын ала болжам бойынша оттың шығуына – темекі шегу кезіндегі абайсыздық себеп болған.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button