Абай облысыҚоғамСайлауСемейТОП

Семей тіркеуде жоқ азаматтар сайлауда дауыс бере алады

Абай облысының әкімшілік орталығының 5 сайлау учаскесінде дауыс беруге тіркеуі жоқ азаматтарды тіркеуге арналған сервистер жұмыс істейтін болады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Семейде мұндай азаматтар үшін 5 учаске жұмыс істейтін болады. Олар келесі мекенжайларда орналасады: Бобровка кенті, Строительная көшесі, 8 – №44 мектеп; Үшақтар ықшам ауданы 1 – №49 мектеп; Сәтпаев көшесі 218 – №2 мектеп; Восход кенті – №34 мектеп; 6-Линия көшесі, 18а – №47 мектеп.

Әр түрлі себептермен тіркеуге үлгермеген және тізімге енгізілмеген қазақстандықтар уақытша тіркелу үшін осы учаскелерге өтіп, дауыс беруге мүмкіндік алады.

“Сайлау туралы” ҚР Конституциялық заңы сайлау учаскелерінің мекенжайлары бойынша сол кезде еш жерде тіркелмеген азаматтарды бір тәулікке тіркеуге рұқсат береді.

Бұдан басқа, Абай облысының 125 сайлау учаскесінде “тіркеу мекенжайын қарау” функциясы қолжетімді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button