Абай облысыВизитҚоғамҚұрылысСемейТОП

Абай облысының әкімі Tokyo Rope компаниясының өкілімен кездесті

Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев Tokyo Rope компаниясының өкілі Цуцуми Есихарумен кездесті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Тараптар инвестициялық ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады. Атап өткендей, Tokyo Rope — әлемдегі ең ірі жоғары технологиялық болат арқандар мен көпірлерге арналған кабельдік құрылымдарды өндірушілердің бірі.

«Біз инвестициялық серіктестікке мүдделіміз. Өздеріңіз білетіндей, бізде көпір салу жұмыстары жүргізілуде. Семей қаласындағы аспалы көпірді күрделі жөндеу жоспарлануда, сонымен қатар жағалау абаттандырылады», – деп атап өтті өңір басшысы.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button