Абай облысыҚоғамСайлауСемейТОП

Семейде сайлау күні қоғамдық көліктер тегін болады

20 қарашада сайлау күні қала тұрғындары қоғамдық көлікпен тегін жол жүрумен қамтамасыз етіледі. Жексенбіде автобустар әдеттегі кестеге сәйкес жүреді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Естеріңізге сала кетейік, қалада 149 сайлау учаскесі жұмыс істейді, Семей қаласында сайлаушылар тізіміне 232 мыңнан астам адам енгізілген. Өзіңіздің сайлау учаскеңізді Семей қаласы әкімдігінің сайтында тексере аласыз.

Сайлаушыларға арналған сайлау мәселелері бойынша сенім телефондары: 8 (7222) 52-21-36; 8 (7222) 56-50-42.

Сіздерді азаматтық белсенділік танытуға және Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауына белсенді қатысуға шақырамыз!

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button