ҚР Президенттігіне кандидат Қ.Тоқаевтың Абай облыстық қоғамдық штабы ашылды

Бүгін ҚР Президенттігіне кандидат Қ.Тоқаевтың Абай облыстық қоғамдық штабы ашылды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Оның құрамына өңірімізге белгілі беделді азаматтар, қоғам қайраткерлері, партия белсенділері, ардагерлер кеңесінің өкілдері, түрлі деңгейдегі мәслихаттардың депутаттары кірді. Штабты – белгілі мемлекет қайраткері Мейрамхат Айнабеков басқарады. Орынбасарлары ретінде «Аманат» партиясының Абай облыстық филиалының төрағасы Думанғазы Семейғазыұлы мен танымал кәсіпкер, қоғам белсендісі, меценат Марат Құрманбай белгіленді.
Кандидаттың қоғамдық штабтың ашқан Думанғазы Семейғазыұлы сайлау науқанын өткізу жоспары туралы айтты.
«Біз Абай облысына қарасты барлық аудандармен тығыз жұмыс жүргізетін боламыз. Қасым-Жомарт Кемелұлының сайлауалды бағдарламасын облыстың әр ауылына, әр тұрғынына жеткізуіміз керек. Әр азамат өз таңдауын жасап, азаматық құқығын пайдалануы тиіс», – деді штаб төрағасының орынбасары.
Президентті қолдау жөнінде бірлескен Халықтық коалиция құрылған болатын. Марат Құрманбайдың айтуынша, қоғамдық күштердің бірігуі – азаматтық қоғамның қазіргі президентке деген үлкен сенімі, мемлекет басшысы¬н¬ың және оның жүргізіп жат¬қан әлеуметтік-саяси рефор¬маларының халық тарапынан қолдауға ие болғанының дәлелі.
«Қазіргідей күрделі кезеңе бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып бірігетін кез келді. Баршамыз әділетті Қазақстан құру жолындағы игі бастамаларды іске асыру үшін жұдырықтай жұмылуымыз қажет», – деді Марат Серікжанұлы.
Естеріңізге салсақ, осы сайлауға бірқатар партиялар мен саяси бірлестіктер Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынған болатын. Атап айтқанда, бұл – «Аманат» партиясы, «Ақжол» республикалық партиясы және Қазақстанның Халық партиясы.
Қазіргі уақытта Абай облысы көлемінде 475 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Аймақтың штабты қоспағанда облыс бойынша 9 аумақтық қоғамдық штабтар өз жұмысын бастады.
Semeynews.kz