Абай облысыБілімМәдениетҚоғамСемейТОП

Семейде Мұхтар Әуезовтың 125 жылдығына орай “Әуезов әлемі” республикалық фестивалі өтуде

Фестиваль 2022 жылдың 5-7 қазан аралығында М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледж базасында өтеді. Іс-шара ҚР Білім және ғылым министрлігінің, Абай облысы әкімдігінің және облыстық білім басқармасының қолдауымен ұйымдастырылуда, -деп хабарлайды Semeynews.kz.

Фестиваль аясында “Сөз құдіреті” атты республикалық оқырмандар байқауы және Абай атындағы театрда “Ұлылыққа тағзым” атты мерекелік кеш өтеді.

Фестивальге абайтанушылар, әуезовтанушылар, профессорлар мен мұғалімдер, сондай-ақ жоғары оқу орындарының басшылары қатысады. Айта кетейік, оқырмандар байқауына Қазақстанның 19 қаласының студенттері қатысады.

Байқау жеңімпаздары демеушілерден ақшалай сыйлықтармен марапатталады:

Бас жүлде – 100000 теңге

І орын – 80000 теңге

ІІ орын – 60000 теңге

ІІІ орын – 40000 теңге.

6 қазанда Абай театрында “Абай аялаған арулар” эстетикалық-танымдық қойылымы көрсетіліп, республикалық фестивальдің қорытындысы шығарылады.

7 қазанда фестиваль қатысушылары Абай ауданына барып, М.Әуезовтің Бөрілідегі үй-музейіне, Еңлік Кебек кесенесіне, Жидебайдағы Жидебай Абай-Шәкәрім мемориалдық кешеніне, Абай туған Сырт Қасқабұлақ жеріне, сондай-ақ Ақшоқы мен Күшікбайдағы музейге барады. Қарауыл ауылында “Қаламқас” халық ән-би ансамблінің концерті өтеді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button