Абай облысының әкімдігінде жолдардың жағдайы туралы хабарлады
Абай облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Рамиль Досмағанбетов Бесқарағай ауданына жұмыс сапарымен барып, облыстық маңызы бар “Семей – Долон – Бесқарағай – Ерназар – Қоянбай” автомобиль жолының жағдайын қарап шықты, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Трассаның жалпы ұзындығы 184 шақырым. Тексеруге “Облшығысжол” ЖШС ПДУ-2 учаскесінің бастығы Айдын Қапсаттар да шықты.
Ағымдағы жылы осы учаскені күтіп ұстау шеңберінде маршруттық тәсілмен 15000 м2 жабынға шұңқырларды жөндеу, жабайы өсетін бұталардан жол жиектерін тазалау және оны пішіндеу, дала жолақтарын жырту және қиыршық таспен жабылған учаскелерді грейдирлеу бойынша жұмыстар жүргізілді. Бұдан басқа, 157-184 шақырым жол бөлігіне тексеру жүргізілді, онда 2023 жылы орташа жөндеу жұмыстары жоспарланған.
Аралау қорытындысы бойынша ағымдағы жылдың 20 қазанына дейін қысқы кезеңге дайындық жұмыстарын аяқтауға, сондай-ақ 2023 жылғы су тасқыны қаупі бар кезеңге дейін су өткізу құрылыстарының қосымша құбырларын ауыстыру және орнату бойынша қажетті жұмыстарды жүргізуге тапсырмалар берілді.
Semeynews.kz