Абай облысыДенсаулықҚоғамСемейТОП

Абай облысының жедел жәрдем бригадасы Шымкентте өткен спартакиадада жүлделі орынды иеленді

Абай облысының жедел медициналық жәрдем станциясының командасы ҚР бойынша жедел жәрдем бригадаларының спартакиадасында үшінші орын алды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Облыс әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2022 жылғы 22-23 қыркүйекте Шымкент қаласында ҚР жедел медициналық жәрдем бригадаларының спартакиадасы өтті. Спартакиадаға Қазақстанның барлық аймақтарынан 18 команда қатысты. Абай облысының жедел медициналық жәрдем станциясының командасы: бас дәрігер ли Владимир Викторович, дәрігер-реаниматолог Веселова Светлана Геннадиевна, фельдшер ШЕЛОМЕНЦЕВА Оксана, Ерланов Асет.

Құзыретті қазылар алқасы 18 өңірден келген барлық жедел медициналық жәрдем бригадаларының кәсіби құзыреттерін қатаң бағалады. Абай облысынан келген Бригада жоғары кәсібилік көрсетіп, жүлделі үшінші орынға ие болды.

Айта кетейік, екінші орынды Астана қаласының командасы алса, алтын жүлдені Шымкенттің командасы иеленді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button