Абай облысыҚоғамНАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАРСемейТОП

22 қыркүйекте Семейде ауыз су беру уақытша тоқтайды

2022 жылғы 22 қыркүйектен 23 қыркүйекке қараған түні Семейде ауыз су беру уақытша тоқтатылады, – деп хабарлайды Semeynews.kz @semey24 паблигіне сілтеме жасап.

“”КӘСІПОРЫНДАР, МЕКЕМЕЛЕР БАСШЫЛАРЫНЫҢ ЖӘНЕ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА! “Семей Водоканал” МКК су құбыры құрылыстары мен желілерін бір мезеттік дезинфекциялауға байланысты 2022 жылғы 22 қыркүйекте сағат 20.00 – ден 23 қыркүйекте таңғы сағат 6.00-ге дейін қаланың сол және оң жағалау бөліктеріне ауыз су беру уақытша тоқтатылатынын ескертеді”, – деп хабарлады “Семей Водоканал” МКК-да.

“Семей Водоканал” МКК әкімшілігі қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button