
Облыс орталығында орналасқан ЖШС қызметкері 2,7 млн теңгені талан-таражға салған, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Өскемен қ. ПБ баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, Өскеменде ЖШС-нің бірінің экспедиторы ұйымға тиесілі 2 741 864 теңгені заңсыз иемденіп, талан-таражға салған.
“Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Өскемен қаласы Полиция басқармасы Үлбі полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Ол бұрын сотталған 28 жастағы Глубокое ауданының тұрғыны болып шықты”, – делінген ақпаратта.
Қазіргі уақытта ҚР ҚК 189-бабы 2-бөлігі (Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену алу немесе талан-таражға салу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Semeynews.kz