Абай облысыҚоғамҚұқықбұзушылықҚылмысСемейТОП
Абай облысында 32 жастағы жеңгетай әйел ұсталды

Абай облысында жеңгетайлықпен айналысқан 32 жастағы әйел ұсталды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұсталған әйел үш апта бойы 17 жастағы кәмелетке толмаған жасөспірімді жезөкшелікпен айналысуға алдап, ақшаны өзіне тартып алып отырған.
Аталған факт ҚК-нің 134-бабы 1-бөлігі “жезөкшелікпен айналысуға тарту” бойынша СДТБТ-де тіркелді, тергеу жүргізілуде.
Еске сала кетейік, бұған дейін Абай облысында интимдік қызмет көрсеткен 8 әйел анықталғанын хабарлаған болатынбыз.
Semeynews.kz