Абай облысыҚоғамОқиғаТОП

Гвардияшылар 3 сағат бойы Курчатов қаласында өртті сөндірді

2022 жылғы 6 қыркүйекте Курчатов қаласында Ұлттық ядролық орталығы күзетілетін объектісінің өрт тобының және қалалық ТЖБ  күшімен “Ақтан – Берлі” күзетілетін объектісінің бойындағы дала  өртінің ошақтары жойылды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

ҚР ҰҰ”Шығыс” ӨңҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, ілеспе желдің салдарынан өрт күзетілетін объектіге қарай тез тарала бастады, бұл туралы бөлімнің қарауылына хабарланды. 3514 әскери бөлімінің командирі подполковник Сәкен Нұртаев өртті жою мақсатында әскери бөлімнің жеке құрамын жедел – қызметтік дайындық дәрежесін жариялады.

Өртті сөндіру үшін 180-ге жуық әскери қызметші мен 10 бірлік техника жұмылдырылды.

Тәуліктің қараңғы уақытына қарамастан әскери бөлімнің жеке құрамы өрт орнына жедел жетіп, жоғары үйлесімділікпен дала өртін сөндіруге кірісті, шамамен 3 сағаттан кейін өрт толығымен сөндірілді.

Қазіргі уақытта өрттің себептері анықталуда.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button