Абай облысыҚоғамСемейСпортТОП

Семейде балалар үшін жеңілдетілген дзюдо секциясы ашылды

Балалар спорты әркімге қолжетімді болуы тиіс – мұндай қағиданы жуырда Семейде халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жеңілдіктері бар балалар Дзюдо спорт секциясын ашқан жаттықтырушы Тимур Бажекенов ұстанады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Сабақтар: аптасына 3 рет, таңертеңгі және күндізгі топ, жас санаты: 8-ден 18 жасқа дейін. Төлем: бір айға 7000 теңге, халықтың әлеуметтік осал топтары үшін-5000 теңге.

Жеңілдіктер келесі санаттағы адамдарға беріледі:
1. Көпбалалы отбасылар;
2. Мүгедек балаға күтім жасайтын отбасылар;
3. Секцияға баратын бір отбасының балалары (екі немесе одан да көп).
Осы санаттарға жататындығын растайтын құжаттарды ұсынған кезде сабаққа қатысуға жеңілдікті баға беріледі.

“Балаларымыздың тәрбиесіне көп көңіл бөліп, олардың салауатты өмір салтына деген сүйіспеншілігін ояту керек. Ата – аналар таңдаған бұл жекпе – жек түрі әдейі соққы немесе жарақат алуды мақсат етпейді, сондықтан бүгінде Дзюдо-күрестің ең танымал түрлерінің бірі”, – дейді Тимур Бажекенов, бұл жер жергілікті балалардың дұрыс демалуы үшін “халықтық” спортзалға айналады және жергілікті тұрғындардың қолдауы мен көмегі үшін алғыс білдіреді.

Жаңа секция Ыбыраев көшесі, 1/1 мекенжайы бойынша орналасқан. Байланыс телефоны: +77074447010.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button