Абай облысыҚоғамОқиғаСемейТОП

Семейде кафе ғимаратында өрт болды

Семейде кафе ғимараты өртенді, зардап шеккендер жоқ, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Абай облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың 31 тамызында “101” кезекші пультіне Абай көшесінде орналасқан кафенің шатыры жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндіруші-құтқарушлылар дереу шақыртуға шықты.

Оқиға орнына азаматтық қорғау қызметкерлері келгеннен кейін ақпарат расталды. Қызыл жалын 30 шаршы метр аумақты шарпыды.

Кафе қызметкерлері мен келушілер ғимараттан өздері шықты. Зардап шеккендер жоқ.

Өрт 19:43-те толық сөндірілді. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 13 қызметкер мен 5 бірліктегі арнайы техника жұмылдырылған.

Өрттің алдын ала себебі: электр жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігінің талаптарын сақтамау.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button