Семейде Qazaq Astyq Group зауыты 80 балаға мектепке дайындалуын көмек көрсетті

Восход кентіндегі №34 орта мектептің 80 оқушысына Qazaq Astyq Group майэкстракциялық зауытының өкілдері «Мектепке жол» акциясы аясында сыйлықтар табыс етті.
Восход және Водный ауылдарының әлеуметтік проблемаларына бүкіл қаланың назары аударылды. Адамдар ондаған жылдар бойы орталықтандырылған сумен қамтамасыз етусіз өмір сүріп келеді. Әсіресе, саяжай тұрғындары үшін қиын.
- Елестетіп көріңізші: біз кішкентай саяжай үйіне кірдік, үй жер еденді, ал пеш қара түтіндеп жанады! – деп үрейленді №34 орта мектептің директоры Сергей РОДИОНОВ. – Міне, осындай тұрмыстық жағдайда балалар жыл бойы тұрады. Бұл ретте біздің оқушыларымыз жақсы оқып, спортпен шұғылданады және қоғамдық өмірдің ортасында. Біздің мектептің 1390 оқушысының 624-і аз қамтылған отбасылардан. Біз оларға қолымыздан келгенше көмектесуге тырысамыз. Оларды мектепке жинау үшін демеушілерді белсенді түрде тартамыз. Биыл Qazaq Astyq Group майэкстракциялық зауыты үлкен көмек көрсетті, оның құрылтайшысы Абай облыстық мәслихат депутаты Әсемқан Серқанұлы Дускужанов. Кәсіпорын жас, бір жыл бұрын ғана іске қосылды. Біз оларға балалардың тізімін бердік, бірақ өзімізді ыңғайсыз сезіндік. Тым үлкен тізім шықты. Мен банктер өкілдерімен кездескенде, олар: «10 бала — бұл тым көп! Біз жетіге ғана көмектесе аламыз» деген болатын. Бірақ зауыт өкілдері бірде-бір баланы алып тастаған жоқ, керісінше олар тізімге балаларджы қосты. 80 бала шықты! Бұл-рекордтық көрсеткіш!
Сыйлықтар мектеп ауласында 26 тамызда тапсырылды. Qazaq Astyq Group демеушісі ұсынған пакеттерде – Түркия өндірген мықты спорттық костюмдер және кеңсе тауарлары бар сапалы сөмкелер. Балаларға және олардың ата-аналарына сыйлықтарды Qazaq Astyq Group зауыты бас директорының бірінші орынбасары Мақсат Сүйчинов табыс етті.
- Біз акция туралы білген кезде үлкен қуанышпен жауап бердік, — деді ол жиналғандарға. — Біз көмекке мұқтаж балаларды барынша қамтуға тырыстық. Біз сіздің тілектеріңізге қарай қалыптастырылған сыйлықтарды дайындадық. Сіздерге жаңа жетістіктерге жетуде ешқашан жалқаулық танытпауларыңызға тілектеспін!
Айта кетейік, Qazaq Astyq Group майэкстракциялық зауыты Водный кентінде футбол алаңын салуға кірісті. Оның ашылуы қыркүйек айының соңында-қазан айының басында жоспарланған.
Милана ГУЗЕЕВА