Абай облысыСемейТОП

Төтенше жағдайлар вице-министрі Мереке Пішембаев Семейге жұмыс сапарымен келді

2022 жылғы 18 тамызда Төтенше жағдайлар вице-министрі Мереке Пішембаев Өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментінің жаңа бастығы Рашид Құлтайұлы Дубаевты Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевқа, төтенше жағдайлар және өнеркәсіптік қауіпсіздік департаменттерінің жеке құрамына таныстырды.
Вице-министр Абай облысының жаңа құрылған Төтенше жағдайлар департаментінің жұмысымен танысты. Мереке Пішембаев қызметкерлерді облыстық мәртебеге ие болуымен құттықтап, табысты жұмыс тіледі.
Абай облысы ТЖ департаментінің бастығы Манарбек Шапағатов атқарылып жатқан жұмыстар және алдағы уақытқа қойылған міндеттер туралы баяндады.
Сапар барысында Мереке Пішембаев Қазақстан Республикасы ТЖМ Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің «Резерв» ШЖҚ РМК «Балқаш» филиалына барып, жұмысымен танысты.

Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі

Осы айдарда

Back to top button