Абай облысыБілімҚоғамТОП

1 қыркүйекте Абай облысында төрт жаңа мектеп ашылады

Оқу жылының басында Абай облысында 4 жаңа мектеп пайдалануға беріледі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында өңір басшысы Нұрлан Ұранхаев мәлімдеді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, білім беру нысандарының жылу беру маусымына дайындығы 97% – ды құрайды. Қауіпсіз ортаны қамтамасыз ету үшін барлық оқу орындарында бейнебақылау жүйелері мен дабыл түймелері орнатылған.

“156 елді мекеннен 3137 оқушы тасымалдаумен қамтамасыз етіледі. Ревакцинациядан педагогтардың 85% өтті, жұмыс 25 тамызға дейін аяқталады. 157 балабақша мен 202 шағын орталық мектеп жасына дейінгі 25 305 баланы қабылдауға дайын. Бес колледж жаңа модификациядағы 26 кабинет ашылды. Ағымдағы жылы ТжКБ (техникалық және кәсіптік білім беру) жүйесі бойынша 4534 грант бөлінді”, — деп түсіндірді ведомствода.

Айта кетейік, жалпы контингенті 17,9 мың студент болатын 3 жоғарғы оқу орны жұмыс істейді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button