Абай облысыҚоғамТОП

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Бородулиха ауданына жұмыс сапарымен барды

Өңір басшысы аудан тұрғындарымен кездесіп, шаруа қожалықтары мен Орлов кенішінің жұмысымен, сондай-ақ аудан ауылдарындағы саябақ пен хоккей кортының құрылыс барысымен танысты. Халықпен кездесуде Нұрлан Ұранхаев қазіргі уақытта Абай облысының инфрақұрылымын қалпына келтіру, ауыл шаруашылығын, жол және тұрғын үй құрылысын дамыту, жаңа жұмыс орындарын құру және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша жұмыстар басталғанын атап өтті. Ауыл тұрғындары негізінен сапалы ауыз судың жоқтығына және бұзылған жолдарға шағымданады. Нұрлан Ұранхаев Бородулиха ауданының тиісті басқармалары мен жергілікті атқарушы органдарына шара қолдануды тапсырды, сондай-ақ тұрғындарды барлық мәселелер оның жеке бақылауына алынғанына сендірді.

Сапар барысында Нұрлан Ұранхаев «Е.Зайтенов» шаруа қожалығының жұмысымен танысты. Ол 2001 жылы құрылған. Қызметінің негізгі бағыты – мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу. Шаруа қожалығының меншігінде 12 мың гектар ауыл шаруашылығы алқаптары бар. Семей тұрғындары арасында шаруа қожалығында өндірілген сүт, қаймақ, май, ірімшік, шұжық өнімдері бұрыннан танымал. Абай облысының әкімі Бородулиха ауылында жүзу бассейні бар дене шынықтыру-сауықтыру кешені құрылысының барысымен танысты. Спорт нысанының жалпы ауданы – 8685,1 м2, бассейн ауданы-797,5 м2.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button