Абай облысыҚоғамҚылмысТОП

Абай ауданының тұрғыны танысын ас үй пышағымен жарақаттаған

Аягөз қаласының тұрғыны танысын ас үй пышағымен жарақаттаған, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, маусым айының соңында Аягөз аудандық ПБ “102” жедел каналына 32 жастағы қала тұрғыны “алдыңғы іш қабырғасын шаншып-кесу жарақаты” диагнозымен келгені туралы медициналық мекемеден хабарлама келіп түскен.

Тексеру барысында сол күні таңертең көшелердің бірінің жанындағы бос жерде оның 33 жастағы танысы олардың арасында кенеттен туындаған жанжал кезінде ас үй пышағымен дене жарақатын салғаны белгілі болды.

Жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Жауап алу кезінде қаскүнем өз кінәсін мойындады. Ұсталған азамат қамауға алынды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 106-бабы 1-бөлігі (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы баптың санкциясымен 3 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button