ШҚОҚоғамҚұқықбұзушылықҚылмысТОПШҚО

ШҚО тұрғындарынан мина мен қару тәркіленді

Семей тұрғынының үйіне танкке қарсы мина жасырған, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Өскемен қаласының тергеу изоляторларының қызметкерлеріне Өскемен және Семей қалаларының екі тұрғыны атыс қаруы мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтағаны туралы жедел ақпарат келіп түсті. Жедел ақпаратты алған ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ-156/1 қызметкерлері оны полиция қызметкерлеріне тапсырды.

Бірлескен жедел-іздестіру шаралары барысында Семей тұрғыны өз үйінде ТМ-62м танкке қарсы минаны жасырғаны анықталды. Сондай-ақ, ақпаратты өңдеу барысында ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ-156/1 жедел бөлімі ШҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлерімен бірге аталған пәтерде 16 мм калибрлі БМ үлгісінің тегіс ұңғылы аңшылық мылтығы кесілді.

  • Ер адамдарда қару алуға рұқсат құжаттары болған жоқ. Тәркіленген заттарға сараптама тағайындалды. ҚР ҚК 287-бабына сәйкес (Қаруды, оқ-дәрілерді заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде, – деді ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ 156/1 мекемесінің бастығы.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button