Абай облысыҚоғамОқиғаТОП

Абай облысында республикалық маңыздағы тас жолда көлік өртеніп кетті

Жарма ауданы Әуезов кентіне жақын жерде тас жол үстінде жеңіл көлік өртеніп кетті, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Төтенше жағдайлар қызметінің хабарлауынша, Жарма ауданы Әуезов кенті маңындағы тас жолда Фольксваген көлігі өртенген. Оқиға орнына келіп жеткен құтқарушылармен 8 шаршы метр алаңдағы өрт сөндірілді. Өрттің негізгі шығу себебі – электр жабдықтарындағы ақаулық және көлік құралдарын және   ондағы қондырғыларды пайдалану ережелерін бұзу.

Жыл басынан бастап Шығыс Қазақстан облысында 64 автокөлік өрті тіркелген.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button