ҚоғамСемейТОП

Қазақстан футболының жұлдыздары балаларды оңалту орталығының тәрбиеленушілерімен кездесті.

"Елімай " футбол командасының жұлдыздары Самат Смақов пен Федор Симиниди "Жақсылық жолы" қоғамдық қорына қарасты "Балғын 2" балаларды оңалту орталығында болды.

Спортшылар орталық тәрбиеленушілерімен кездесіп, естелік сыйлық ретінде қазақстандық футбол жұлдыздарының қолтаңбалары бар жейдені ұсынды. Бұл сыйлық қазан айында өтетін қайырымдылық аукционындағы алғашқы лот болады.
Кездесуді Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы “Жақсылық жолы”қоғамдық қорымен бірлесіп ұйымдастырды.

– Қазан айында біздің қор Семей қаласы бойынша Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығымен бірлесіп қайырымдылық балын ұйымдастырады. Оның аясында аукцион өтеді. Онда лоттар қойылып, олардан түскен қаржы сегіз отбасына көмекке жіберіледі. Мысалы, церебральды сал ауруы бар екі баланы тәрбиелеп отырған отбасына тұрғын үй сатып алуға көмектесу. Сондай-ақ, бұл “Жақсылық жолы” қоғамдық қоры үшін оңалту жабдықтарын сатып алуға және әртүрлі аурулары бар балаларды емдеуге ақы төлеуге көмек көрсетіледі. Бізді алғашқылардың бірі болып футбол жұлдыздары Самат Смақов пен Федор Симиниди қолдады. Бірінші лот Андрей Карповичтің Семейдегі достарының матчына қатысқан футболшылардың қолтаңбалары бар футболка болады, – дейді “Жақсылық жолы” ҚҚ директоры және “Балғын 2” оңалту орталығының меңгерушісі Әйгерім Сағынтаева.

Футболшылардың өздері кездесу ұйымдастырушыларына алғыстарын білдіріп, орталық педагогтарының маңызды рөлін атап өтті.

-Менің қаламда балалардың тағдырына бей-жай қарамайтын адамдар бар екеніне өте қуаныштымын. Мемлекеттің мұндай қорларға қолұшын созбайтыны алаңдатады. Біз Семейге Андрей Карповичтің достарының матчына келген едік. Сіз көмек сұрағаннан кейін, аукцион үшін пайдасы болар деген ниетпен жейдені сыйға тартып отырмыз,- дейді футболшы Самат Смақов.

“Балғын 2” оңалту орталығы 2021 жылдан бастап жұмыс істейді. Оған тірек-қимыл аппаратының бұзылуы, аутизм, ақыл-ой кемістігі сияқты неврологиялық және психоневрологиялық патологиялары бар 2 жастан 18 жасқа дейінгі балалар барады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button