ҚоғамОқиғаСемейТОП

Семейде өрт қаупінің өте жоғары деңгейі жарияланды

«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты бойынша Семей қаласында 4 маусымда өрт қаупінің өте жоғары деңгейі сақталады, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Табиғи өрттердің туындау қаупін азайту мақсатында ШҚО ТЖД өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау қажеттігін де еске салды.

Қауіпсіздік талаптары:

– жанып тұрған сіріңке мен темекі тұқылын тастауға жол бермеу;

– орман және дала алқаптарында от жағуға жол бермеу;

– шыны ыдыстарды өзіңізбен бірге алып жүру керек, өйткені күн сәулесі әйнектен өтіп, құрғақ шөпті фокустап, өртеп жіберуі мүмкін;

– жанғыш қоқыстарды шығару және елді мекендер аумағын жинау, құрғақ өсімдіктерден тазарту және минералдандырылған жолақтарды қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды жүргізу;

– табиғи өрттер туындаған жағдайда дереу өртке қарсы қызметке 101, 112 телефондары бойынша хабарлау қажет.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button