ҚоғамСемейТОП

Семейде жылыту маусымына дайындық жүргізілуде

Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов «Квартал АБ», «Солнечная» және «Дорожник»  қазандықтарына барып, жылыту маусымына дайындық және ыстық су беру жұмыстарының барысын тексерді, деп хабарлайды Semeynews.kz.

«Квартал АБ» қазандығы Шығыс кентінде орналасқан. Қазандықтың белгіленген қуаты – 8,7 Гкал/сағ; қолда бар қуаты – 8,53 Гкал/сағ, шығындарымен қосылған қуаты – 6,35 Гкал/сағ, жылу қуатының профициті-2,18 Гкал/сағ. Жылу желілерінің ұзындығы – 4,771 км. Қазандық арқылы 54 көпқабатты тұрғын үйлер, 11 – коммерциялық объект, 1 әлеуметтік объект жылумен қамтамасыз етіледі. Жалпы абоненттер саны – 842.

Қалалық бюджеттен Гефест қазандығын №6 ст. КВм-1,85-95ШР қазандығына ауыстыруға ақшалай қаражат бөлінді. Жөндеу жұмыстары 01.06. 2022 жылы басталып, 01.09.2022 жылы аяқталады деп күтілуде.

Сонымен қатар, қазандықтардың экрандық құбырларын, түтін сорғыштарды жөндеу, электр жабдықтарын тексеру, түтін құбырын ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Аталған жұмыстар 3 мамырда басталса, 15.08.2022 жылы аяқталады деп күтілуде.

«Солнечная» қазандығы Шығыс кенті, Аюченко көшесі, 6 мекен-жайы бойынша орналасқан. Белгіленген қуаты – 5,07 Гкал/сағ; қолда бар қуаты – 4,95 Гкал/сағ; шығынмен қосылған қуаты – 2,0 Гкал/сағ; жылу қуатының профициті-2,95 Гкал/сағ. 2 құбырмен есептелген жылу желілерінің ұзындығы – 1,342 км. Қазандық 12 тұрғын үйді және 3 коммерциялық объектіні жылумен қамтамасыз етеді. Жалпы абоненттер саны – 310.

№1 ст.КВм-1,25-95шп қазандығын КВм-1,45-95шп қазандығына ауыстыруға қалалық бюджеттен ақшалай қаражат бөлінді. Жөндеу жұмыстары 01.06.2022 жылы басталып, 01.09.2022 жылы аяқталады деп күтілуде.

Сондай-ақ, қазандықтардың бұрау планкасының механизмдерін ауыстыру, электр жабдықтарын жөндеу және тексеру, салқындату түтіктерін жөндеу, күлді шығару каналын тазалау және жөндеу, желілік сорғыларды тексеру жұмыстары жүргізілуде. Жөндеу жұмыстары 03.05.2022 жылы басталды. Ағымдағы жылдың 15 тамызында жұмыстар аяқталады деп күтілуде.

«Дорожник» қазандығы Чимкентская көшесі, 73 мекен-жайы бойынша орналасқан. Белгіленген қуаты-4,8 Гкал/сағ, қолда бар қуаты-4,62 Гкал/сағ, шығынмен қосылған қуат-2,21 Гкал/сағ, жылу қуатының профициті-2,41 Гкал/сағ. Жылу желілерінің ұзындығы-5,36 км. Қазандықтан жулымен қамтамасыз етілген көпқабатты тұрғын үйлер саны – 21, коммерциялық кәсіпорындар – 6, әлеуметтік нысан – 1. Абоненттер саны – 293.

Сонымен қатар, қазандықта газ құбырларын, желілік және түтін сорғыштарды жөндеу, электр жабдықтарын тексеру жұмыстары жүргізілуде. Жөндеу жұмыстары 03.05.2022 жылы басталып, 15.08.2022 жылы аяқталады деп күтілуде.

«Жылу көздеріндегі барлық жұмыстар сапалы және белгіленген мерзімде жүргізілуі тиіс. Жүргізіліп жатқан жұмыстарды бақылау үшін қазандықтарды аралап, тексеруді  жалғастырылатын боламыз», – деді қала басшысы.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button