ҚоғамҚұрылысСемейТОП

Семейдің егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары бекітілді

Қаланың бас жоспары негізінде Семей қаласының сол және оң жағалауының егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары әзірленді және бекітілді, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Бұл туралы Семей қаласының аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференциясында қалалық архитектура бөлімінің басшысы Ардақ Исатаев айтып берді.

Оң жағалауда бес аудан – қаланың орталық бөлігі, 35, 40, 342, 343 және 352 квартал, Солтүстік және Қарағайлы тұрғын аудандары қамтылды. Солтүстік жағалауда үш аудан: Юность ықшам ауданы, Жаңақұрылыс ауданы және Цементшілер кенті, 14, 15 тұрғын аудандары.

  • Мамыр айында Шығыс оң жағалау және Шығыс сол жағалау аудандарының егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын әзірлеу жұмыстары басталды. Бекіту мерзімі – 2022 жылғы қараша. Қарағайлы тұрғын ауданында құрылыс қарқынды жүргізілуде. 22 бюджеттік үйдің, 13 коммерциялық тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Көпқабатты 18 тұрғын үйдің жобасы әзірленді, тағы 33 жоба әзірленуде. 2021 жылғы шілдеде 150 орынға арналған оңалту орталығының құрылысы басталды. Көпқабатты үйлердің барлық қасбеттері заманауи талаптарға сай жасалған. Сонымен қатар, қажеттілікке байланысты бұрын бекітілген жобаларға өзгертулер енгізу бойынша бюджеттік сұранымға өзгертулер енгізу мақұлданды, – деп хабарлады Ардақ Исатаев.

Бүгінде жеке құрылыс салушылар жеке меншік жер үйлерді сатып алып, олардың орнына көпқабатты тұрғын үйлер салуда. Үйлердің эскиздік жобалары қатаң түрде қала құрылысы регламенттеріне сәйкес үйлерстіріледі. Семейдің сәулеттік келбетін жақсарту үшін қаланың орталық бөлігінде орналасқан көпқабатты үйлердің қасбеттерінің эскиздік жобалары әзірленді.

  • Сонымен қатар, кіші архитектуралық формалар үшін эскиздік жоба әзірленді. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімі 62 үрлемелі КАФ сатып алды. Бүгінгі таңда төрт фигурадан тұратын, «Тырналар», «Құлын мен бала» және «Жастар» сәйкес «Керуен» мүсіндік компазициясын жасау жұмыстары жүріп жатыр. Сондай-ақ, екінші кезеңде осындай, «Әлем құстары», «Барыс параметриясы», «Сәуле», «Асыл тас», «Үш қанат» стелласы композицияларын, сонымен қатар гүл құмыралары мен орындықтар шығару жоспарлануда. Алты муралдың жобасы әзірленді, оларда тарихи тұлғалар бейнеленетін болады. Муралдар Шәкіәрім даңғылы 82, 84 және 86 мекенжайындағы көпқабатты тұрғын үйлердің қабырғаларында пайда болады, – деп түйіндеді архитектура бөлімінің басшысы.

Semeynews.kz

 

Осы айдарда

Back to top button