ҚоғамНАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАРСемейТОП

Семейлік полицейлер табылған жылқының иесін іздестіруде

Семей полицейлері көшеде жайылып жүрген жылқының иесін іздестіруде, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Семей қ. ПБ баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың 20 мамырында Семей қ.ПБ ППБ  “Барыс-33” экипажы қала көшелерінде қоғамдық тәртіп пен жол қозғалысы ережесін сақтау бойынша кезекшілік атқару барысында, Қабылбаева көшесі бойындағы «TAYOTA» орталығы маңында жалғыз жайылып жүрген жылқы малын көріп қалады. Қараусыз жүрген жылқының иесі табылмаған соң мал ұрлығының алдын алу мақсатында оны Бейбітшілік аралында орналасқан Семей қ.ПБ Кавалерия бөлімшесіне орналастырды.

Жылқының ерекше белгілері: терісі қызғылт-қоңыр түсті, құйрығы мен жалы қара қара, аттың маңдайында ақ дағы бар, аяғына арқан байланған.

Егер қараусыз жүрген жылқы немесе жануардың иесі туралы ақпарат білетін болса 102 немесе +77471894414 номеріне хабарласуларыңызды сұраймыз.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button