ҚоғамСаясатСемейТОП

Референдум: ел өмірін түбегейлі өзгертеді

5 маусымда қазақстандықтардың пікірінше еліміздің өмірін түбегейлі өзгертетін референдум өтеді. Қазақ күресінен Қазақстан Республикасына Еңбегін сіңірген спорт шебері, қазақ күресінен он дүркін чемпион, төрт дүркін Азия чемпионы, «Әлем кубогі» чемпионатының үш дүркін жеңімпазы, төрт дүркін әлем чемпионы, «Еуразия барысы» халықаралық туринирінің төрт дүркін чемпионы, «Әлем барысы» халықаралық туринирінің үш дүркін жеңімпазы, «Қазақстан барысы» туринирінің екі дүркін жеңімпазы, «Аманат» партиясы Саяси кеңесінің, Шығыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің мүшесі, Шығыс Қазақстан мәслихатының депутаты, көлік колледжінің директоры Айбек Нұғымаров референдумға белсенді қатысуға шақырды.

«Семей қаласының тұрғындарын 5 маусымда өтетін рефердумға байланысты сайлауға шақырамын. Референдумға қатысу болашаққа қадам басуға, Жаңа Қазақстан құруға мүмкіндік береді. Мен жастарды өз таңдауын жасауға және еліміздің жарқын болашағына қадам басуға шақырғым келеді», – деді Айбек Нұғымаров.

 Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button