ШҚОҚоғамҚұқықбұзушылықТОПШҚО

ШҚО тұрғыны көңілдесінің әйелін балағаттағаны үшін айыпталды

Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны көңілдесінің әйелін WhatsApp-та балағаттағаны үшін 60 сағат көлемінде қоғамдық жұмысқа тартылды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ҚАЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 8 наурыздың алдында ШҚО тұрғыны ашынасының әйелін күйеуімен арадағы қарым-қатынас туралы айту үшін шақырған. Бірақ өзін ұстай алмай, WhatsApp арқылы әдепсіз сөздер айтқан. Сүйіктісінің әйелі әңгімені тоқтата салған. Алайда қыз қоңырау шалуын қоймаған, осылайша әйел учаскелік инспектор шақырған.

“Жәбірленуші аудиожазбаны сақтап, оны сотқа берді. Сот қызды құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 60 сағаттық қоғамдық жұмысқа тарту туралы үкім шығарды. Ол пробация қызметінде есепке тұр және қоғамдық жұмыстарды орындау үшін әкімдікке жіберілді. Күн сайын 4 сағат көлемінде аумақты тазалайды. Пробация қызметінің инспекторлары жедел алдын алу іс-шараларын жүргізу кезінде күн сайын тазаланатын аумақ пен тұрғылықты жері бойынша тексеріс жүргізеді”, – делінген хабарламада.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button