Шығыс Қазақстанда дауылды ескерту жарияланды
"Қазгидромет" ШҚ филиалының ақпараты бойынша 19 сәуірде облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 25 м/с жетеді, деп хабарлайды Semeynews.kz.
Deprecated: Function strftime() is deprecated since 8.1, use IntlDateFormatter::format() instead in /var/www/vhosts/018.kz/semeynews.kz/wp-content/plugins/qtranslate-x -disabled/qtranslate_core.php on line 713 Deprecated: Function strftime() is deprecated since 8.1, use IntlDateFormatter::format() instead in /var/www/vhosts/018.kz/semeynews.kz/wp-content/plugins/qtranslate-x -disabled/qtranslate_core.php on line 750
Өскемен және Семей қалаларында оңтүстік-шығыстан жел соғып, солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с жетеді.
Халық сақ болуы керек. Желдің қатты екпінінен тез арада ғимаратқа тығылыңыз, желден үй қабырғаларында, аялдамаларда, билбордтардың жанында, ағаштардың астында жасырынбаңыз. Үзілген сымдар мен шайқалып тұрған белгілерге жақындамаңыз.
Автокөлікті шіріген, ескі және жалғыз тұрған ағаштардың жанына қоймаңыз.
Дауылды ескертулер туралы ақпаратты “Дәрмен” тегін мобильді қосымшасын жүктеу арқылы біле аласыз.
Бірыңғай құтқару телефоны-112.
Semeynews.kz



