
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 3 сәуірде сағат 16:33-дар шамасында Семейде Шығыс оң жағалау кентінде Ертіс өзенінің үстінде фотоға түсіп жүрген 1999 және 1998 жылғы екі бойжеткен мұз астына құлап кетті. Құтқарушылар келгенге дейін, сол жерде жүрген 1998 жылғы қыздың әкесі өз қызын құтқарып қалды, бойжеткен медициналық көмекті қажет етпеді. Ер адам екінші туыс бойжеткенді құтқарып үлгермеді, судан қыздың денесін алып шықты.
Semeynews.kz