БілімМәдениетҚоғамСемейТОП

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығында шахматтан балалар турнирі өтті

"Шығыс" өңірлік қолбасшылығымен Балалар жылына арналып бірқатар танымдық, спорттық-мәдени іс-шаралар жоспарланған, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылды Балалар жылы деп жариялауы аясында, «Шығыс» ӨҚ әскери қызметшілерінің отбасы мүшелерімен жұмыс жөніндегі қызметтері өскелең ұрпақпен кешенді іс-шаралар жүргізуде.

Семейде әскери қызметшілердің балалары арасында шахмат біріншілігі өтті. Жарысқа 7 жастан 14 жас аралығындағы 20-дан астам бала қатысты. «Мега Мозг» қалалық білім орталығының өкілдері жарысқа төрешілік жасады.

  • Мемлекет басшысы 2022 жылды Балалар жылы деп жариялады. Балалар – Қазақстанның болашағы, және біз олардың тәрбиесіне, интеллектуалды дамуына жауаптымыз, – деп атап өтті әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыс жөніндегі қызметтің бастығы Ақерке Ахмедова.

Шахмат тақтасы басында спорттық-интеллектуалдық күрес және шиеленісті бәсеке орын алды.  Жарыс нәтижесі бойынша І орынды Мағжан Жақашев жеңіп алды. Жүлделі ІІ орынды Арсен Ерғалиев, ІІІ орынды Әлтайыр Құсманов қанжығасына байлады. «Турнирдің үздік стратегі» арнайы сыйлығы Тимофей Шевцовқа табысталды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button