ҚоғамҚылмысСемейТОП

Семейде ағылшын курсы кабинетінен 11 келіден астам есірткі тәркіленді (ВИДЕО)

Семейлік полицейлер білім беру орталықтарының бірінің ағылшын тілі кабинетінде Алматы қаласының 36 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ағылшын тілін оқу бөлмесіне тінту жүргізу барысында үстел астанда өсімдік тектес жасыл түсті заты бар полиэтиленді түйіншек орналасқан картон қорап табылды.

“Сараптама қортындысы көрсеткендей, тәркіленген зат «кептірілген марихуана» есірткі заты екенін көрсетті. Жалпы салмағы 11 500,00 грамнан асады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК – нің 297-бабының 3-бөлігі – «Есірткі заттарды, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды”, – делінген ведомство мәліметінде.

Айта кетейік, аталған баптың санциясы 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button