МәдениетҚоғамСемейТОП

Семейде “Бойжеткендер” сурет көрмесі ашылды

Семейде Ф.М.Достоевскийдің әдеби-мемориалдық музейінде суретші, көркем студияның оқытушысы Михаил Пауцикийдің «Бойжеткендер» атты жеке көрмесі ашылды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Көрмеге жиырмадан астам жұмысы қойылды.

  • Бейнелеу өнері менің бала кезімнен маңайымда, әрқашан жанымда болды. Кішкентай кезімде балалардың бәрі көшеде ойыншық ойнайтын болса, ал мен кезекті автомобиль қашан келеді тосып жүретінім есімде. Папка және қарындаш әрқашан жанымда болатын. Автокөлік келіп тоқтап, иесі келген жеріне кіріп шыққанша мен суретті салып үлгеретінмін. Мен бәрінен бұрын ата-анама қарыздармын, себебі олар мені әрқашан қолдап, мен айналысып жүрген ісіме демеу болды. Ал суретке деген құштарлық солардың арқасында, – деді Михаил Пауцкий.

Суретші қазір бойжеткен қыздардың суретін салғанды ұнататынын жеткізді.

  • Пейзажға қарасам, мен ағаш көлеңкесінде демалып тұрған бойжеткенді көремін. Судың сарқырап аққанын естимін – мен тағы бір бойжеткеннің серуендеп жүргенін елестетемін. Осыдан кейін әйел бейнесі жоқ картинаны салудың қызығы жоқ, – деп қосымшалады Михаил.

Музей үшін мұндай көрме өте сирек екені атап өтілді.

  • Көрмеге қойылған картиналар, өзінің көлемімен қызықты. Яғни, сен кішкентай суретке қараған кезде, визуалды түрде кеңістік шектеулі, ал қалғанын адам өзі ойлайды. Ал мұндағы шығармалар көлемді, көрермен оларға толықтай еніп, көңіл күйді, табиғатты тіпті бояу түрлерін сезінеді. Осындай көрмелер музей үшін өте сирек, себебі, әдетте мұнда стандартты көлемдердегі шығармалар қойылады, –  деп атап өтті музейдің экспозициялық-көрме бөлімінің меңгерушісі Владимира Соловьева.

Көрме бір ай көлемінде жалғасады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button