Covid-19ДенсаулықҚоғамСемейТОП

Семей өңірінде КВИ-мен күресуге 8 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді

Елімізде COVID-19 таралуына жол бермеу мақсатында «антиковидтік» шараларды жүргізуге былтырғы жылы Шығыс Қазақстан облысында 21 550,9 млн теңге бөлінді, оның 8 630,8 миллионы Семей өңіріне бөлінген, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Бұл туралы Семей қаласының аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференциясында ШҚО бойынша әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры филиалының директоры Ғалымжан Әбілов айтып берді.

Семей өңірі бөлінген қаражатты қай бағыттарға жұмсағаны хабарланды: медицина қызметкерлерін ынталандыруға (3 340,4 млн теңге); стационарда науқастарды емдеуге (3128,3 млн теңге); ПТР зерттеулеріне (1 154,3 млн теңге); мобильді бригадаларға (972,7 млн теңге); үйге шығу стационарларына (35,3 млн теңге).

– 2021 жылы КВИ инфекция бөлімшелерінде 18 049 науқас сомасы 9 млрд теңгеге ем қабылдады. КВИ-карантин бөлімшесінде 2 421 науқас сомасы 73 млн теңгеге ем қабылдады, – деп айтып өтті Ғалымжан Әбілов.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button