ШҚОҚоғамОқиғаТОПШҚО

ШҚО-да өткен тәулікте үш өрт оқиғасы тіркелді

Шығыс Қазақстан құтқарушыларымен өткен тәулікте үш өрт сөндірілді, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, облыс аумағында өткен тәулікте үш өрт оқиғасы тіркелді.

Бірінші оқиға Аягөз ауданында орын алды. Аудан орталығындағы Қошқарбаев көшесінде орналасқан жер үйдің ауласындағы шаруашылық құрылысы өртенген. Құтқарушылармен 20 шаршы метр алаңдағы тілсіз жау ауыздықталды. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Екінші оқиға Риддер қаласында болды. Ташкент көшесіндегі жер үйдің төбе жабындысы, қабырғасының ағаш бөліктері, жиһаздары, тұрмыстық техникалары және жеке заттары өртенді. 1-ӨСБ құтқарушыларымен 50 шаршы метр алаңдағы өрт сөндірілді. Алдын ала болжам бойынша өрттің шығу себебі – пешті пайдалануда өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау.

Үшінші оқиға Семей қаласында тіркелді. Саяжай массивінде адамдар тұрмайтын үйдің және гараждың төбе жабындылары өртенді. Құтқарушылармен жедел түрде 40 шаршы метр алаңдағы өрт сөндірілді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button