ҚоғамСемейТОП

Семей қаласының Абай театрында 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты жиын өтті

 Шараға ұстаздар, дәрігерлер, көпбалалы аналар және қоғамда белсенді түрлі саладағы нәзікжандылар қатысты.

Қала әкімі Бақытжан Байахметов айтулы мерекемен құттықтай отыра, әр отбасының ұйытқысы бола отырып, еңбекке араласып, жетістігімен ерекшеленген жандарды марапаттады.

– Күллі әлемге көктем шуағындай жылулық пен мейірімділігін төккен күндей шуақты, айдай ажарлы асыл аналар мен аяулы аруларды Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын! Әйел-тіршіліктің тірегі.Әйелдің бойында қайрат пен қажыр, жылулық пен шапағат қатар жүреді. Біз анасын ардақтап, қарындасына қамқор білетін дана халықпыз! Заман өзгеріп, қанша дәуір өтсе де, біздің әйелге деген құрметіміз өзгермейді. Аналарымыз бойындағы құндылықтарды бала бойына сіңіріп, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеп келеді. Айтулы күнде барша нәзікжандыларды құттықтай отырып, әйел бақытын, ана бақытын тілеймін,-деді қала әкімі Бақытжан Байахметов.
“Қалаға сіңірген еңбегі үшін” медалімен Семей қалалық №1 ХҚКО бөлім басшысы Идришева Гульнара Владимировна, Шығыс Қазақстан ұн құрама жем комбинаты АҚ ұн өндірісі аппаратшысы Сағындықова Алма Назаровна наградталды. Семей қаласы әкімінің Құрмет грамотасымен самбо күресінен халықаралық дәрежедегі ҚР спорт шебері, дзюдо күресінен ҚР спорт шебері Бектасқыз Зере, Авиценна колледжінің химия және биология пәндерінің оқытушысы Айсура Түсіпханқызы марапатталды.
Салтанатты жиын қаланың мәденет мекемелерінің қатысуымен өткен концерттік бағдарламамен жалғасты.

Семей қаласының ақпараттық орталығы

Осы айдарда

Back to top button