ШҚОҚоғамҚылмысТОПШҚО

ШҚО-да сібір елігін атқан браконьер ұсталды

Ағымдағы жылдың ақпан айының басында Жарма ауданының полиция қызметкерлері «Омбы-Майқапшағай» тас жолының бойында заңсыз аңға шығып, сібір елігін атқан 55 жастағы Семей қаласының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұсталған кезде күдіктінің әріптесіне тиесілі «Volkswagen» автокөлігі, сондай-ақ күдікті азаматтың атына тіркелген, 16х2 калибрлі «ИЖ – 58» мылтығы, 7.62 мм калибрлі «Вепрь-Супер» мылтығы, 7.62 мм калибрлі 2 гильза, пышақ және бір елік ұшасы тәркіленді. Келтірілген залал 765 000 теңгеден астам сомаға бағаланды.

Ер адам полиция бөліміне жеткізілді, оған қатысты келу міндеттемесі түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК – нің 337-бабының 3-бөлігі – «Заңсыз аң аулау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның санкциясымен 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button