ШҚОҚоғамТОПШҚО

Өскеменде полицейлер суицидтің алдын алды

Өскемен қаласының полиция басқармасы қызметкерлерінің үйлесімді және кәсіби іс-әрекеттерінің арқасында кеше кешке жас жігіттің өз-өзіне қол жұмсау әрекетінің алдын алған, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО Өскемен қ. ПБ баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеше сағат 21:35 шамасында Назарбаев даңғылындағы тұрғын үйлер маңында кезекшілікте жүрген полиция батальоны қызметкерлерінің көмегіне қала тұрғыны жүгінген. Оның айтуынша, тұрғын үйдің ауласында ер адам өзіне қол жұмсамақ боп, тамағына пышақ төсеп тұрғанын айтқан. Полиция қызметкерлері жедел хабарлама берген азаматтың айтқан мекенжайға бағытталған. аталған орынға жеткенде, шынында да, шамамен 30 жастағы ер адам, қолындағы пышағын өзінің тамағына қойып қол жұмсамақ болған.

“Біздің қызметкерлер ер адаммен сөйлесуге тырысқан. Осы уақытта ШҚО ТЖД қызметінің психологы Светлана Андрусенко көмекке келіп, жігітпен түсіндірмелі жұмыстар жүргізген, сол кезде біздің қызметкерлер өте үйлесімді және жедел әрекет етіп, жігіттің қолындағы пышақты алып алған”, – деді Өскемен полиция басқармасының бастығы Андрей Мула.

Полиция бастығы өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алу кезінде ерекшеленген қызметкерлерді патрульдік полиция батальоны взводының командирі Ринат Хамитовтың басшылығымен патрульдік полиция батальонының қызмет инспекторлары Бекарыс Абдолданов, Ақжол Мұқышев, Мейіржан Ришатовты атап өтті.

Аталған полиция қызметкерлердің үйлесімді жұмысының арқасында ер адамды өзіне-өзі қол жұмсау әрекетінен құтқарып қалды. Сондай-ақ, қазіргі уақытта оны осындай қадамға итермелеген себептер анықталуда, қазіргі уақытта ер адаммен психолог жұмыс жүргізіп жатыр.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button