ҚоғамҚұқықбұзушылықҚылмысТОПШҚО

ШҚО-да екі мас жүргізушісі ұсталды

Облыс орталығында өзінің және басқа да жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығын қатерге тігіп, мас күйінде көлік басқарған қос жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың 2 ақпанында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Өскемен қаласының 24 жастағы тұрғынының басқаруындағы «BMW» автокөлігін тоқтатты, куәландыру актісіне сәйкес жүргізуші жеңіл дәрежедегі алкогольдік масаң күйде болған. Полицейлер ер адамның жүргізуші куәлігінен айырылғанын анықтаған.

Сол күні Меновное ауылының көшесімен қозғалып келе жатқан тағы бір мас жүргізуші ұсталды. Қаскөй 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылған 41 жастағы қала тұрғыны болып шықты.

Куәландыру нәтижелері орташа дәрежедегі алкогольдік масаңдықты көрсетті.

Бүгінгі күні ұсталғандардың екеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалды, олардың көліктері айыппұл тұрағына қойылды.

Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК-нің 346-бап 1-бөлігі «Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы не көлік құралын басқаруды осындай адамға беру, сол сияқты осындай адамның көлік құралын басқаруына лауазымды адамның немесе көлік құралы меншік иесінің не иеленушісінің жол беруі» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button