ҚоғамСемейТОП

Семей маршруттарында 3 автопарк қызмет көрсетеді

Күн сайын көлік қозғалысының мониторингін Семей қаласының ЖТБО мамандары қадағалап отырады, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Бұл туралы АКҚ-де өткен онлайн-баспасөз-конференциясында Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жолаушылар тасымалы секторының меңгерушісі Назым Жанболатова айтып берді.

– Бүгінгі таңда қалалық маршруттарға үш автопарк қызмет көрсетеді. Олар 13 маршрутқа қызмет көрсететін “Таксомотор паркі” ЖШС; 3 бағытқа қызмет көрсететін “Семавтопарк” ЖШС және 23 маршруты бар “Авто Транс Семей” ЖШС. Мониторинг “Bus Report” диспетчерлеу бағдарламасының көмегімен жүргізіледі. Сондай-ақ, қала тұрғындары “Infobus”мобильді қосымшасы арқылы қажетті бағытты қадағалай алады. Өткен жылы 34 603 684 жолаушы тасымалданды, оның ішінде 3 169 249 жолаушыда жеңілдіктер бар, – деді Назым Жанболатова.

Бүгінгі күні қалада қоғамдық көлікте жол жүру үшін бірыңғай төлем жүйесі орнатылмаған. 2020 жылдың 20 қаңтарынан бастап қалада билеттеудің электрондық жүйесі енгізілді. Алайда оған “Таксомотор паркінің” 13 автобусы ғана қосылған. Болашақта олар бірыңғай электронды төлем жүйесін орнатуға уәде береді.
Аялдама орындарының мәселесі де шешілуде.

– Бүгінгі таңда Семейде 507 аялдама бар. Оның 326 әртүрлі типтегі аялдама. Соңғы үш жылда қалада 50 – ден астам жаңа аялдама орнатылды, – деп қорытындылады Назым Жанболатова.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button