ШҚОҚоғамОқиғаТОПШҚО

Өскеменде жеңіл автокөлік өртенді

Өскеменде уақытша тұрақта тұрған жеңіл көлік өртеніп кетті, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Өскеменде Сәтпаев даңғылындағы көппәтерлі тұрғын үйлердің бірінің ауласында тұрған 1996 жылы шығарылған Suzuki Baleno маркалы көлігі өртенген.

“Оқиға орнына құтқарушылар келгенде көліктің қозғалтқыш бөлігі, аспаптар панелі өртке оранған. Құтқарушылармен 4 шаршы метр алаңдағы өрт сөндірілді. Оттың жалыны әсерінен жанында тұрған, 2021 жылы шығарылған Hundai Accent көлігінің алдыңғы бамперінің сол жағының бояуы және сол жарық фары балқып кеткен.

Өрт сағат 23:50-де толықтай сөндірілді. Тілсіз жауды құрықтауға жеке құрамнан 8 адам және 2бірліктегі техника жұмылдырылды”, – делінген баспасөз хабарламасында.

Алдын ала болжам бойынша өрттің шығу себебі – қауіптілігі жоғары қрылғыларды абайсызда пайдалану.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button