ШҚОҚоғамОқиғаТОПШҚО

ШҚО-да екі көлік соқтығысты

Шемонаиха-Бородулиха тас жолында екі көлік соқтығысты, бір адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, ағымдағы жылдың 3 ақпанында сағат 12:15 шамасында Шемонаиха ауданында Шемонаиха-Бородулиха тас жолының 4  шақырымында LADA және HYUNDAI ACCENT көліктері соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан LADA көлігінің 30 жастағы жүргізушісі түрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жатқызылды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бірқатар сот сараптамалары тағайындалды, нәтижесі бойынша процессуалды шешім қабылданады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button