ШҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, ағымдағы жылдың 3 ақпанында сағат 12:15 шамасында Шемонаиха ауданында Шемонаиха-Бородулиха тас жолының 4 шақырымында LADA және HYUNDAI ACCENT көліктері соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан LADA көлігінің 30 жастағы жүргізушісі түрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жатқызылды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бірқатар сот сараптамалары тағайындалды, нәтижесі бойынша процессуалды шешім қабылданады.
Semeynews.kz