
ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, облыс орталығының қарт тұрғыны көршісінің алаяқтық әрекетінің құрбаны болған.
Ағымдағы жылдың 17 қаңтарында Өскемен қаласы ПБ Үлбі ПБ кезекші бөліміне облыс орталығының 72 жастағы тұрғынынан арыз түсті. Арызда зейнеткер 2022 жылғы 14 қаңтарда оның пәтеріне көршісі келіп, азық-түлік сатып алып келге көмектесемін деп қарттың ақшасын алып кеткенін көрсеткен. Ақшада жоқ, азық-түлікте жоқ. Келтірілген шығын сомасы 30 000 теңгені құрады.
“Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде криминалдық полиция қызметкерлері 35 жастағы көршісін ұстады. Аталған азамат жұмыссыз. Сұрау алу барысында қаскөй өз кінәсін мойындады.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды”, – делінген баспасөз ақпаратында.
Semeynews.kz