
ШҚО ПД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, ағымдағы жылдың қаңтар айының соңында Күршім аудандық ПБ кезекші бөліміне 49 жастағы аудан тұрғыны жүгініп, малы ұрланғанын хабарлаған.
Жәбірленуші 2021 жылдың маусым айында белгісіз адам Алтай учаскесінде жайылымнан жылқысын ұрлап кеткенін жеткізген. Шығын көлемі 500 000 теңгені құрады.
“Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Ол Қайыңды ауылының 51 жастағы тұрғыны болып шықты. Қазіргі уақытта қаскөйге келу міндеттемесі шарасы қабылданды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі «Мал ұрлығы» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды”, – делінген ведомство ақпаратында.
Аталған баптың санкциясы 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.
Semeynews.kz